"Францияның өнімі ұнайды". Жұманғарин импортқа қатысты сұраққа жауап берді

Үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғаринге ел нарығындағы импорттың үлесіне қатысты сұрақ қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналист министрге "Қазақстан өз-өзін отандық тауармен қамтамасыз етуге қауқары бар ма? Мәселен тұрмыстық химияны өз елімнен арзан бағаға алғым келеді... Неге бізде импорттың үлесі көп?" деп сұрады.

Тұрмыстық химия елімізде де шығарылады. Бүкіл әйелдер мен балаларға арналған заттар бар. Мәселе - әрбір адамның таңдауында болып отыр. Мәселен біреуге шетелдік танымал өнімдер ұнайды. Сол себепті ассортимент болуға тиіс. Екіншіден, ішкі бағдарламамыз болуы керек. Оның бәрі қазір бар. Тұрмыстық химиямен толық қамтамасыз ететін мақсатымыз жоқ, - деді Жұмағарин.

Вице-премьер елімізді 100 пайыз тұрмыстық химиямен қамтамасыз етудің керегі жоқ дейді.

Егер біз елімізді 100 пайыз тұрмыстық химияны қамтамасыз етсек, бәрі тек өз өніміміз қалады. Бұл дұрыс емес. Себебі, әрбір адамның өзінің талабы бар. Мысалы маған Францияның химиясы ұнайды.  Мен сол өнімді іздеймін себебі үйренгенмін, өмір бойы қолданып келгенмін. Әрине, жаңасы ұнаса, көшермін. Ол азық-түлік емес қой. Сол себепті кәсіпкерлер мұны алдын ала қарап, жоспарлау керек. Жалпы импортты азайту күн тәртібінде тұрған мәселе. Ал оған қалай жетеміз деген мәселе бойынша министрліктің өз жоспары бар, - деді Серік Жұманғарин.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы