Францияның курортты қаласында жарылыс болды
Францияның оңтүстігінде Ла-Гранд-Мот курортты қаласындағы синагога маңында жарылыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
France 24 агенттігінің мәліметінше, қала билігі оқиғаны теракт деп бағалап отыр.
Белгілі болғандай, синагоганың жанында тұрған көлікте газ баллоны жарылған. Жарылыс салдарынан полиция қызметкері жараланды. Ғимараттың кіреберісінде өрт басталғанымен оны дер кезінде сөндіріп үлгерген.
Жарылыс кезінде діни қызмет жүргізілмеген, синагогада болған раввин мен тағы төрт адам зардап шекпеген.
Ла-Гранд-Мот мэрі Стефан Россиньоль бейнебақылау камераларынан белгісіз біреудің автокөлікті өртегені анықталғанын айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Едіге Қасымбек әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы