Францияның бұрынғы президенті Саркози түрмеден босатылды

Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози қылмыстық қастандыққа қатысы бар деп бес жылға сотталғаннан кейін үш апта өткен соң түрмеден босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.

Париж соты оны мерзімінен бұрын босату туралы шешім қабылдағаннан кейін Саркози Париждің батысындағы үйіне оралды. Ол елден шығуға тыйым салынды және сот бақылауында болады. Апелляциялық сот процесі келесі жылы өтпек.

Саркози 2007 жылғы президенттік сайлау науқанын Ливияның бұрынғы басшысы Муаммар Каддафидің ақшасымен заңсыз қаржыландырды деген айып бойынша 21 қазанда бес жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Менің бар күшім өзімнің кінәсіз екенімді дәлелдеуге бағытталған. Шындық жеңеді, бұл оқиғаның соңы әлі жазылған жоқ, – деп жазды саясаткер бостандыққа шыққаннан кейін әлеуметтік желіде.

Сот шешімі бойынша, Саркози “Ливия ісі” бойынша куәгерлермен және Әділет министрлігі өкілдерімен байланыс орнатпауы тиіс.

Саркози 1945 жылдан бері түрмеге жабылған алғашқы бұрынғы Франция президенті атанды. Ол түрмеде жеке камерада ұсталды.

Саркози 2007-2012 жылдары Франция президенті болған. Соңғы жылдары ол бірнеше қылмыстық іс бойынша жауапқа тартылған, соның ішінде 2023 жылы пара беру дерегімен айыпталған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Sarah Meyssonnier / Reuters
Өзгелердің жаңалығы