Францияның батысында қатты су тасқыны болды

Францияның батысындағы Удон өзеніндегі су мұнда бұрын-соңды болмаған деңгейге – 3,25 метрге көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ EuroNews сайтына сілтеме жасап.

Ауданда қауіпсіздіктің қызыл деңгейі жарияланды.

Су тасқыны салдарынан 115 үйді су басып, 300-ге жуық ғимарат, соның ішінде балабақша мен жеке колледж электр қуатынсыз қалды.

Краонның орталығы және басқа да аудандар су астында қалды.

Қала билігі бұл оқиғаны «бұрын-соңды болмаған оқиға» деп атады. Францияның Экологиялық ауысу және аумақтық келісім министрі Кристоф Бечу аймаққа келіп, табиғи апаттан зардап шеккендерге өтемақы төленетінін мәлімдеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: azertag.az
Өзгелердің жаңалығы