Франциядан Ақтауға велосипедпен келді
Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі Француздық саяхатшы жұп Эмили мен Дэви велосипедпен Ақтауға келді. Олар Франциядан өткен жылдың маусымында шыққан. Олардың мақсаты -әлемді велосипедпен аралу.
Саяхатшы жұп осы жылдың 29-сәуірде Грузиядан Әзірбайжанға, ал 7-мамырда Бакуге жетіп, енді міне Ақтауға келді. Ақтауда Француз саяхатшылары Назарбаев зияткерлік мектебінде, Есенов университетінде болды. Эмили мен Дэвид кездесуде оқытушыларға «Даун» синдромын есту және тірек-қимыл аппаратының бұзылуы мәселелерін сөз өтті. Өйткені француздық жұп «Даун» синдромы бар балаларға қолдау көрсету мақсатында құрылған «Bike Up&Down» велошеру жобасының жетекшілері.
Велосипедпен саяхаттау арқылы біз адамдармен көбірек кездесіп, тілдесеміз. Тіпті сапар барысында бізді жолда тоқтатып қонақ еткендер де аз болмады. Саяхат арқылы әр елдің адамдарын жақсы түсініп, оларға жақын болғымыз келеді,- дейді Эмили.
Саяхатшы жұп велошеру арқасында Даун синдромы және басқа да психикалық ауытқуы бар адамдардың спортпен шұғылдануына ықпал еткісі келеді.
Біз барған бірқатар елде зияткерлік мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорттық шараларға қатыстық. Даун синдромы немесе басқа да ақыл-ой кемістігі бар адамдар тұратын арнайы мекемелер мен үйлерде болдық,-дейді саяхатшы жұп.
Ақтаудан кейін саяхатшы жұп Эмили мен Дэви Өзбекстан, одан әрі Орталық Азияның басқа елдеріне баруды жоспарлап отыр.