Франциядағы тәртіпсіздік кезінде зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма?
Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Франциядағы жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары бар ма деген сұраққа қатысты жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.
Франциядағы тәртіпсіздіктер бойынша бізге зардап шеккендер немесе көмек сұрағандар туралы хабар келіп түскен жоқ. Жағдай тұрақты. Тәртіпсіздіктер тек 1-2 қаласында болып жатса керек-ті. Жалпы Францияда тыныш, - деп жауап берді сыртқы саяси ведомствоның ресми өкілі.
Еске сала кетейік, Францияда жаппай тәртіпсіздік Парижден солтүстік-батысқа қарай орналасқан Нантере қалашығында жол қозғалысы кезінде тексеру барысында полиция жасөспірімді атып тастаған соң басталған.
Шыққан тегі алжирлік Нахель есімді құрбанның отбасының адвокаты қайтыс болған жасөспірімнің сол екендігін растады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағандыда балаларды оңалту орталығы ашылды
Өзгелердің жаңалығы