Франциядағы ауқымды өрттен келген шығын 500 млн еуроға бағаланды
Биыл Францияда өрт салдарынан 117 мың гектардан астам аумақ жанып кетті. Өртті сөндіру кезінде төрт өрт сөндіруші қаза тапты.
Франция аумағында биыл жазда болған ірі орман өрттерінен келген материалдық шығын шамамен 500 млн еуро деп бағаланды. Бұл туралы елдегі сақтандыру компанияларын біріктіретін France Assureurs ұйымы мәлімдеді.
Өрттен әсіресе Францияның оңтүстігі қатты зардап шекті. Жиронда, Вар және Ланд департаменттерінде өрттен келген шығын бойынша шамамен 25 мың өтініш түскен.
Ірі өрттер шілде айында басталып, бірнеше күн бойы жалғасқан. Өрттерді толық сөндіру жұмыстары тамыздың ортасында аяқталған.
Биыл Францияда өрт салдарынан 117 мың гектардан астам аумақ жанып кетті. Өртті сөндіру кезінде төрт өрт сөндіруші қаза тапты.
Ең көп зардап шеккен аймақтардың бірі – Жиронда департаменті. Ондағы өрт бірнеше апта бойы бақылауға алынбай, нәтижесінде 42 мың гектар аумақ өртенді.
Қазіргі өрт маусымы Франция тарихындағы ең ауқымды өрт маусымы деп аталып отыр.