Францияда жаппай тәртіпсіздік жалғасып жатыр
Францияда 3-ші тәулікке жалғасқан тәртіпсіздік салдарынан олимпиадалық бассейн өртеніп кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Нысанның бүкіл құрылыс алаңын қара түтін басты. Ашуға булыққан халық елдегі әкімшілік, полиция ғимараттарын өртеп жатыр. Құқық қорғау органдарының 200-ге жуық қызметкері жарақат алды. Ырыққа бағынбай кеткен соң, полиция көзден жас ағызатын газ бен су атқыштарды қолдануда.
Соңғы мәлімет бойынша, 400-ге жуық тұрғын тұтқындалды. Еске салайық, халықтың ашуын тудырған - 17 жасар жасөспірімнің өлімі. Полиция талапқа бағынбағаны үшін рөлде отырған бозбалаға оқ атқан.
Ал наразылыққа шыққандар полицияны жазалауды талап етіп отыр. Ал ел президенті Эммануэль Макрон бүгін жедел дағдарыс штабының отырысын өткізеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы Майра Мұхамедқызын қабылдады
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы