Францияда туристік ұшақ апатқа ұшырап, үш адам қаза тапты

Францияның орталық бөлігінде, Эр-э-Луар аймағында Cessna 172 маркалы жеңіл туристік ұшақ апатқа ұшырап, үш адам көз жұмды. Бұл туралы BFM TV телеарнасы прокуратураға сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұшақ тұрғын үй секторына құлағанымен, абырой болғанда, жергілікті тұрғындар зардап шеккен жоқ. Тек бір көлік бүлінген. Қазіргі уақытта оқиға орнында әуе-көлік жандармериясы (GTA) мен ұлттық полиция бірлесіп тергеу жүргізуде.

Еске сала кетейік, бұған дейін, 12 маусым күні Үндістанның Ахмадабад қаласында Boeing 787-8 Dreamliner жолаушылар ұшағы дәрігерлерге арналған жатақхана ғимаратына құлаған болатын. Бортта 242 жолаушы болған. Қайғылы оқиғадан тек бір адам – 40 жастағы Ұлыбритания азаматы тірі қалған. Апат салдарынан 274 адам ажал құшты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы