Францияда туристік кеме өртенді

Францияның Гавр қаласындағы портта кеме өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Sud Ouest басылымының мәлімдеуінше, тілсіз жау моторлы қайықтан басталып, кейін сол маңда тұрған кемелерді шарпыған.

Тоғыз метрлік моторлы қайық оның иесі жанармай құйып, төрт туристі қыдырту үшін кілтті бұраған басталғаны айтылды. Өрт басталғанда жолаушылар мен кеме иесі аман қалғанымен, жалын сол жердегі кемелерге жайылған.

Өрт сөндірушілер көмекке келгенімен жеті кеме толықтай жанып кеткені анықталды.

Өрт салдарынан ешкім зардап шекпеген. Бірақ 17 адам медициналық көмекке жүгінген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: www.sudouest.fr
Өзгелердің жаңалығы