Францияда Telegram-ның негізін қалаушы Павел Дуров қамауға алынды

25 тамызда Telegram мессенджерінің негізін қалаушы 39 жастағы миллиардер Павел Дуров Париж әуежайында ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл ақпаратты алғашқы болып TF1 француз телеарнасы таратты.

Оның Әзірбайжаннан ұшып келген кезінде бірден ұсталғаны айтылады. Ол Францияға жекеменшік ұшағымен ұшып келген.

2021 жылы Дуров Франция азаматтығын алған еді.

Француздық БАҚ оның тұтқындалуын Telegram-да контент модерациясының болмауымен, осыған байланысты кәсіпкердің француз құқық қорғау органдарымен жұмыс істеуге ықылас танытпауымен байланыстырады.

Миллиардер алдағы күндері Франция азаматы ретінде сотталмақ. Оған 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: t.me/durov_russia
Өзгелердің жаңалығы