Бүгiн 2026, 06:19
Фото: газет / Parisien
Францияда Шарль-де-Голль әуежайы маңында ірі өрт болды
Ірі халықаралық әуе операторы Groupe ADP өртенген қойманың әуежай инфрақұрылымына қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
Францияда Шарль-де-Голль әуежайының маңындағы қоймада ірі өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.
Өртті сөндіруге Валь-д’Уаз департаментінің шамамен 60 өрт сөндіру қызметкері жұмылдырылды. Газет мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себептері әзірге анықталған жоқ.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде әуежай маңынан көтерілген қою қара түтіннің видеолары тараған болатын.
Ірі халықаралық әуе операторы Groupe ADP өртенген қойманың әуежай инфрақұрылымына қатысы жоқ екенін мәлімдеді. ADP таратқан ақпаратқа сәйкес, өрт көлік қозғалысына әсер етпегенін Parisien басылымы нақтылады.