Францияда қан қызметінің қоймаларындағы салқындату жүйесіне кибершабуыл жасалды
Францияда бірнеше қан сақтайтын банкке бағытталған кибершабуылдың жолы кесілді. Бұл туралы Францияның қан қызметі (EFS) мәлімдеді.
Ведомствоның хабарлауынша, оқиға салдарынан адам денсаулығына зиян келген жоқ және қан препараттары жоғалмаған.
Мониторинг және ескерту жүйелері қалыптан тыс әрекеттерді дер кезінде анықтады. Бұл қызметкерлерге қан өнімдері мен үлгілерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік берді, – делінген ресми мәлімдемеде.
EFS мәліметінше, оқиға плазманы салқындатып сақтауға арналған үш нысанда болған. Онда температура мен ерітуге қатысты шекті көрсеткіштер өте жоғары деңгейге өзгертілген.
Айта кетейік, бұл оқиға Еуропаның бірнеше еліндегі супермаркеттерде болған жағдайдан кейін тіркелді. Осы аптада бірқатар сауда желісі тоңазытқыштар мен мұздатқыштардың қашықтан басқарылуы салдарынан температурасы көтеріліп, нәтижесінде миллиондаған еуроға бағаланатын бірнеше тонна азық-түлік бұзылғанын хабарлаған.