Францияда парламент сайлауы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солшыл күштердің «Жаңа халықтық экологиялық және әлеуметтік одақ» коалициясы (NUPES) жексенбіде Франциядағы парламент сайлауының бірінші турында көп дауыс жинады, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Солшыл партияның жетекшісі Жан-Люк Меланшонның бастамасымен құрылған NUPЕS коалициясының өкілдері алдын ала ақпарат бойынша 26,2% дауысқа ие болған.
«Ренессанс» президенттік қозғалысы жетекшілік ететін «Бірге!» билеуші коалициясының кандидаттары 25,8% дауыс жинады.
Соған қарамастан Франция еліндегі мажоритарлық сайлау жүйесінің ерекшелігіне байланысты басқарушы коалиция парламенттегі орынның басым бөлігін сақтап қалады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ұлттық ұланда әскери көліктің жауынгерлік әзірлігі тексерілді
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы