28 Маусым 2026, 19:51
Фото: видеодан скриншот
Францияда парашютшілер мінген ұшақ апатқа ұшырап, 11 адам қаза тапты
Әуе апаты салдарынан борттағы барлық адам көз жұмды. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.
Францияның солтүстік-шығысындағы Томблен қаласында ұшақ апатқа ұшырап, 11 адам қаза тапты.
Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа ұшыраған ұшақ парашютшілер мектебіне тиесілі болған. Бортта 11 адам – ұшқыш, бес нұсқаушы және бес оқушы отырған. Апат салдарынан ешкім аман қалмады.
Әуе апатының мән-жайы әзірге жарияланған жоқ. Билік ұшақтың не себепті құлағанын және апат ұшу кезінде қай кезеңде болғанын хабарламады.
CNN мәліметінше, оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр. Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.
- Суданда алтын кеніші опырылып, кемінде 67 адам қаза тапты 05:17
- Сауд Арабиясы Оман арқылы мұнай жеткізілімін арттырмақ: Мұнай бағасы төмендеді 04:26
- Аяз, жаңбыр және тұман: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды 03:41
- Еурокомиссия басшысы Канаданы ЕО-ның «қауымдастырылған мүшесі» етуді ұсынды 02:35
- Алматы облысында заңсыз қоқыс полигонында ірі өрт шықты 01:28
- Сауалнама нәтижесі: Әлемде АҚШ-тың жаһандық көшбасшылығына қолдау төмендеді 00:31
- Астанада оқушылар кітапты ЖИ-мен бірге талқылайтын жоба іске қосылды 16.09.2026