Францияда өрт сөндіру кезінде тікұшақ тоғанға құлап түсті
Францияның Финистер департаментінде өртті сөндіру операциясы кезінде Morane 29 тікұшағы су тоғанына құлап кетті. Оқиға 24 тамызда болған, деп хабарлайды BAQ.KZ Le Parisien-ге сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, "су алу кезінде тікұшақ су бетіне тиіп, құлауына себеп болған". Алайда экипаж – ұшқыш пен өрт сөндіру офицері – дер кезінде кабинадан шығып, жағаға аман-есен жеткен.
Morane 29 тікұшағы 2023 жылдан бастап өрт сөндіру мақсатында пайдаланылып келеді. Биылғы жазда ғана ол 33 миссияға қатысып, 154 рет су төгіп, ондаған өрттің таралуына жол бермеген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
АҚШ: Қытайға Ресеймен сауда үшін жаңа баж салынбайды
Өзгелердің жаңалығы