20 Қыркүйек 2026, 17:21 Фото: BFMTV

Францияда мотоцикл мінгендер қатысқан тәртіпсіздіктен кейін бес адам ұсталды

Мотоцикл полиция көлігімен соқтығысып, сегіз полиция қызметкері зардап шекті.

Францияның орталық бөлігіндегі Сен-Пьер-де-Кор коммунасында мотоциклдің ұлттық полиция көлігімен соқтығысуынан кейін жаппай тәртіпсіздік болды.

Оқиға 19 қыркүйек кешке «Рабатери» сауда орталығының автотұрағында болған. Жергілікті тұрғындар мотоцикл жүргізушілерінің шу шығарып, жарыс ұйымдастыруына байланысты полиция шақырған. Тексеру барысында мотоциклдердің бірі полиция көлігімен соқтығысқан.

Оқиға салдарынан сегіз полиция қызметкері зардап шекті. Мотоцикл жүргізушісі аяғынан жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. BFMTV мәліметінше, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ал полиция көлігін басқарған қызметкер қамауға алынды.

Жол апатынан кейін жағдай күрт ушыққан. Алғашқы тергеу жұмыстарын жүргізіп жатқан полиция қызметкерлері жақын маңдағы бөлімшеге жасырынуға мәжбүр болды. Көшелерде қақтығыстар басталып, екі полиция көлігі мен екі жеке автокөлік өртенді.

Ауданда баррикадалар қойылып, ғимараттарды өртеп жіберу жағдайлары да тіркелген. Қоғамдық тәртіпті қалпына келтіру үшін билік полиция мен жандармерияның шамамен 100 қызметкерін, соның ішінде 8-ші жедел әрекет ету тобының екі бөлімшесін жұмылдырды.

BFMTV мәліметінше, жексенбі күні таңғы сағат 04:00-ге қарай жағдай тұрақтанған. Вандализмге қатысы бар деген күдікпен бес адам ұсталды.