Францияда миллионнан астам адам ереуілге шықты

Француздар қатаң экономика – үнемдеу саясатына наразылық білдіруде. CGT француз кәсіподақ орталығының мәліметінше, ел бойынша миллионнан астам адам президент Эммануэль Макрон үкіметінің үнемдеу саясатына наразылық білдіріп, көшеге шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ France 24 арнасыныа сілтеме жасап.

Мемлекеттік қызметкерлер, полиция қызметкерлері, білім беру, денсаулық сақтау, қоғамдық көлік қызметкерлері, студенттер, бюджеттің қысқаруынан зардап шеккендердің барлығы көшеге шықты. Олардың басты талабы – Макронның отставкаға кетуі.

Полиция префектурасының мәліметінше, Парижде және оның маңайында кем дегенде 21 наразылық білдіруші тұтқындалған.

EDF энергетикалық тобы ереуілдерге байланысты электр станцияларында электр энергиясын өндірудің төмендегенін хабарлады.

Өндірістің қысқаруы жарияланған әлеуметтік акцияның соңына дейін жалғасуы мүмкін, - деді EDF.

Парижде және оның маңындағы ереуілдер метро мен автобустардың жаппай тоқтатылуына, сондай-ақ қала маңындағы пойыздар қызметінің үзілуіне әкелді.

Елордада полиция шерушілерді тарату үшін таяқ пен көзден жас ағызатын газ қолданды.

Наразылықтар парламент премьер-министр Франсуа Байруды үнемдеу жоспарына байланысты отставкаға жібергеннен кейін басталды. Президент оның орнына жақын одақтасы Себастьян Лекорнуды тағайындады. Оппозиция мұны сынақ ретінде қарастырып, билікті сынауды күшейтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы