Францияда Луврды тонауға қатысы бар тағы бес күдікті ұсталды

Франция полициясы Лувр мұражайындағы ұрлық ісіне қатысы бар деген күдікпен тағы бес адамды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ RTL-ге сілтеме жасап.

29 қазанда күдіктілер Париждің әртүрлі аудандарында бір мезетте қолға түскен. Прокурор Лора Бекконың айтуынша, әзірге олардың жеке басы жария етілмейді.

Ұсталғандардың бірі — басты күдіктілердің қатарында. Бұған дейін 25 қазанда ұсталған екі адам өз кінәсін мойындаған, – деді прокурор.

Тінту барысында ұрланған әшекей бұйымдар табылған жоқ. Істі мәдени құндылықтардың заңсыз айналымымен күрес жөніндегі орталық басқарма тергеп жатыр. Құзырлы орган ұрланған бұйымдар заңды және көлеңкелі өнер нарығына түскен-түспегенін тексеріп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: depositphotos.com
Өзгелердің жаңалығы