Францияда Луврды тонауға қатысы бар күдіктілер ұсталды
Луврдағы тонауға қатысы бар деген екі күдікті ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлады BFMTV телеарнасы тергеуге жақын дереккөзге сілтеме жасап.
Күдіктілер 25 қазан кешке ұсталған. Дереккөздің мәліметінше, күдіктілердің бірін Париждегі Шарль-де-Голль әуежайында Алжирге ұшуға дайындалып жатқан сәтінде шекара полициясы мен ұйымдасқан қылмыспен күрес тобы ұстаған.
Екінші күдіктінің ұсталуына қатысты егжей-тегжейлі ақпарат жария етілген жоқ. Алдын ала болжам бойынша, бұл екі адам 19 қазанда әйгілі музей аумағына кіріп, Аполлон галереясының терезесін сындырған төрт қылмыскердің тобына кірген.
Ұрылар жалпы құны 88 миллион еуро болатын асыл тастар мен зергерлік бұйымдарды алып кеткен.
Еске салайық, бұған дейін Луврдың асыл бұйымдары енді Францияның алтын қорымен бірге сақталатыны белгілі болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбе облысында 100 ауыл оқушысы жаңа мектепке барады
Келесі жаңалық
2026 жылы Каспий теңізін тереңдету жұмыстары басталады
Өзгелердің жаңалығы