Францияда көпқабатты үйдегі жарылыстан 2 адам қаза тапты
Францияның Марсель қаласында қираған тұрғын үй астынан екі адамның денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ France24-ке сілтеме жасап.
Марсель қаласында тұрғын үйдегі газ жарылуы салдарынан төрт қабатты үй қирады. Оқыс оқиға өткеннен соң 24 сағаттан кейін қирандылар астынан екі адамның денесі табылды.
Тергеушілердің сөзінше, жарылыс тұрғын үйдегі газдың ашық қалуы салдарынан болған.
Құтқарушылар тобы тірі қалғандарды іздестіру жұмысын әлі жалғастыруда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астаналықтарға электр энергиясы үшін артық төлемдер қайтарылады
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы