Францияда індеттің жетінші толқыны басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Коронавирустың Омикрон штамының тез тарауына байланысты Францияда індеттің жетінші толқыны басталды.
Маусым айының соңында елде ковидті жұқтырғандардың қатары күрт артқан. 29 маусымнан 5 шілдеге дейін күніне орташа есеппен 119 мың науқас анықталған.
Бұл осыған дейінгі аптамен салыстырғанда 80 процентке көп. Үкімет індеттің таралуына тосқауыл қою мақсатында 60 жастан асқан азаматтарға төртінші екпе жасауға нұсқау берді.
Омикрон штаммы коронавирустың өзге түрлеріне қарағанда тез жұғады. Мамандардың айтуынша, вакцина алған адамдарда ауру жеңіл өтеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағанды облысының базарларында жасалған ұрлықтар ашылды
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы