Францияда футбол жанкүйерлерінің тәртіпсіздіктері салдарынан екі адам қаза тапты
Францияда "Пари Сен-Жермен" (ПСЖ) футбол клубының Чемпиондар Лигасындағы жеңісінен кейін болған жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан кем дегенде екі адам қаза тауып, 559 адам ұсталды. Бұл туралы Le Figaro басылымы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Парижде 491 адам, ал ел бойынша 559 адам тұтқындалған. Қақтығыстар мен тәртіпсіздіктер нәтижесінде Дакс қаласында 17 жастағы жасөспірім пышақ жарақатынан, ал Парижде 20 жастағы скутер жүргізушісі жанкүйердің көлігі қағып кетіп, көз жұмды.
Сондай-ақ 192 адам зардап шекті (оның ішінде 22 полиция қызметкері мен 7 өрт сөндіруші). 264 көлік өртеніп, бірнеше көше қақтығыстары, өрт қою, дүкен тонау, жол апаттары тіркелді.
Бұған қоса, Гренобль қаласында BMW көлігі футбол жанкүйерлерінің тобына соғылып, төрт адам жараланды. Көлік жүргізушісі бастапқыда қашуға тырысқанымен, кейін өз еркімен полицияға берілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Польшадағы президент сайлауы: экзит-пол нәтижелері жарияланды
Өзгелердің жаңалығы