Францияда "Эми" дауылынан екі адам қаза тапты
Францияда "Эми" дауылының салдарынан екі адам қаза болды, тағы бір адам ауыр жараланды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
48 жастағы ер адамның денесі Этрета жағалауынан табылды. Ал 25 жастағы тағы бір азамат Эн департаментінде ағаш құлаған көліктің ішінде көз жұмды. Жанында отырған жолаушы ауыр жарақат алып, Амьен ауруханасына жеткізілді.
Meteo-France ұлттық ауа райы қызметі алты департаментте – Нор, Па-де-Кале, Эн, Сомма, Уаза және Приморская Сенада – қауіптіліктің қызғылт сары деңгейін жариялады. Кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 36 метрге дейін жеткен.
Enedis компаниясының дерегінше, Нормандия аймағында шамамен 5 мың үй жарықсыз қалды.
Мамандардың айтуынша, «Эми» – қыркүйек соңында Атлант мұхитында пайда болған «Умберто» дауылының қалдық циклондық түзілімінен қалыптасқан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Синоптиктер: Қазақстанда алда күшті аяз күтіледі
Өзгелердің жаңалығы