2 Қараша 2026, 03:40 Фото: depositphotos.com

Францияда дизель отынының бағасы төмендей бастады

Бұған дейін Франция үкіметі стратегиялық қордан 10 миллион баррель дизель отынын нарыққа шығаруға шешім қабылдаған.

Францияда стратегиялық мұнай қорынан дизель отыны шығарылғаннан кейін жанармай бағасы арзандай бастады. 31 қазанда елдегі дизельдің орташа бағасы литріне 2,37 еуроны құрады.

TotalEnergies компаниясының Access жанармай бекеттерінде дизель литрі 2,15 еуродан сатылып жатыр. Ал E. Leclerc сауда желісі елдегі 742 бекетінде отын бағасын литріне 21 еуроцентке төмендеткен. Coopérative U желісі де бағаны арзандату шарасына қосылды.

Бұған дейін Франция үкіметі стратегиялық қордан 10 миллион баррель дизель отынын нарыққа шығаруға шешім қабылдаған. Бұл қордағы жанармай Таяу Шығыстағы соғыс басталғанға дейін сатып алынған. Билік бұл қадам арқылы нарықтағы бағаның өсуін тежеуді көздейді.