Францияда әйгілі собор өртеніп жатыр

Францияда елдің ұлттық мұра ескерткіші саналатын Руан кафедралды соборы өртке оранды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

The Sun басылымының мәліметінше, қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері жанып жатқан ғимараттан адамдарды жылдам эвакуация жасап, өрт сөндірушілер жеткенше ғимаратқа қоршау қойған.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Әйгілі ғимарат 1030 жылы тұрғызылғаны белгілі.

Барлық мемлекеттік ресурстар жұмылдырылып жатыр, - деді мэр Руана Николя Майер-Россиньоль әлеуметтік желіде жазған жазбасында.

Өрт кезінде соборда құрылыс жұмыстары жүріп жатқан. Оқиға орнына 33 өрт сөндіру көлігі мен 63 өрт сөндіруші-құтқарушы жеткен.

Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: thesun.co.uk/news
Өзгелердің жаңалығы