6 Қыркүйек 2022 2022, 03:21

Францияда атом электр станциялары іске қосылады

Франция электр энергиясы тапшылығымен күресу үшін бұған дейін уақытша тоқтатылған ядролық реакторларды қайта қосуға ниетті, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме беріп.

Франция электр энергиясы тапшылығымен күресу үшін бұған дейін уақытша тоқтатылған ядролық реакторларды қайта қосуға ниетті, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме беріп.

Мәселе 32 атом электр станциясына қатысты. Олардың кейбірі қазан айынан жұмыс істей бастауы мүмкін.

Бесінші республикада энергияның 70 проценті, яғни үштен екі бөлігі осы атом қуаты арқылы өндіріледі.