Бүгiн 2026, 07:09 Фото: depositphotos.com

Францияда аптап ыстықтан төрт бала көз жұмды

Жергілікті билік аталған қайғылы оқиғалардың мән-жайын анықтап жатыр.

Францияда аптап ыстықтың салдарынан төрт бала қаза тапты. Бұл туралы The Guardian басылымы хабарлады.

Басылымның мәліметінше, Марсель қаласында 18 айлық сәби көліктің ішінде қалып қойған. Дәрігерлер оны гипертермия белгілерімен ауруханаға жеткізгенімен, баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Алдын ала мәлімет бойынша, әкесі баласын балабақшаға апаруы тиіс болғанымен, оны көлікте ұмытып кеткен.

Сондай-ақ Париж маңында үш жасар баланың мәйіті автокөліктен табылды. Бала көлікке өздігінен кіргенімен, балаларға арналған қорғаныс құлпының салдарынан сыртқа шыға алмаған.

Бұдан бөлек, екі және төрт жастағы тағы екі баланың денесі тұрғын үй кешенінің автотұрағында тұрған отбасылық көліктен табылған.

Жергілікті билік аталған қайғылы оқиғалардың мән-жайын анықтап жатыр.

Бұған қоса, Францияда аптап ыстықтан қорғану үшін су айдындарына барған кемінде 55 адамның суға батып қайтыс болғаны хабарланды.