Францияда 300 гектар орман өртенді

Францияның оңтүстігінде 300 гектар орман алқабы өртеніп кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz сілтеме жасап.

От демалыс аймағына жақындап, билік ондағы 3 мың адамды қауіпсіз жерге көшірген.

Соның арқасында адам шығыны жоқ,- дейді.

Бірақ оннан аса адам жарақат алған. Орман өртіне күннің ыстығы себеп болған. Содан өңірді қуаңшылық жайлап, епкінді жел оттың тез тарауына себеп болды.

Мамандар аймақта орман өртінің қаупі жоғары екенін ескертеді.

 Португалияда да екі апта ішінде 3500 гектар алқап өртеніп кеткен. Бұл бұрын-соңды болмаған жағдай.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы