Францияда 299 баланы зорлаған хирург 20 жылға сотталды

Францияда бұрынғы хирург Джоэль Ле Скуарнек 299 баланы зорлағаны үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы BFM TV жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сот материалдарына сәйкес, қылмыстар 1989 жылдан 2014 жылға дейінгі аралықта жасалған. Зорлық-зомбылық негізінен балалар анестезия әсерінде болған кезде орын алған. Жәбірленушілердің орташа жасы – 11 жас, олардың барлығы – дәрігердің пациенттері.

Ле Скуарнекке 100-ден астам зорлау және 150-ден астам жыныстық зорлық-зомбылық бойынша айып тағылған. Ол тергеу барысында кінәсін толық мойындады.

Сот үкімі шыққаннан кейін оның адвокаты Максим Тессье:

Ле Скуарнек мырза өзін ақтап алуға не болмаса жазасын жеңілдетуге тырысқан жоқ. Ол шындықты мойындап, өзінің әрекетіне толық жауапкершілікпен қарады. Бұл – жазасын азайту үшін жасалған қадам емес, шынайы мойындау, – деп мәлімдеді.

Бұл Франция тарихындағы ең ірі педофилия істерінің бірі ретінде тіркеліп отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы