7 Қазан 2026, 03:47
Фото: Францияның Қарулы күштер министрлігі
Франция жаңа ядролық зымыранды сынақтан өткізді
Зымыран суасты сүңгуір қайықтан ұшырылған.
Франция қарулы күштері жаңа стратегиялық баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді. Бұл туралы Францияның Қарулы күштер министрлігі хабарлады.
Сынақ кезінде зымыран ядролық оқтұмсықсыз ұшырылған. M51.3 стратегиялық баллистикалық зымыраны суасты қайығынан атылған. Сынақты Франция президенті Эммануэль Макрон да бақылады. Мемлекет басшысы зымыранның ұшырылуын Франция Әскери-теңіз күштерінің фрегатынан тамашалады, – делінген хабарламада.
AFP мәліметінше, бұл теңізде орналастырылатын M51 стратегиялық баллистикалық зымыранының үшінші нұсқасы. Ол Франция қарулы күштерінің арсеналына бір жыл бұрын қабылданған.
Ядролық оқтұмсықпен жабдықталмаған зымыран Атлант мұхитының солтүстік бөлігіне, жағалаудан бірнеше жүз шақырым қашықтыққа құлады.