Франция, Украина және Израиль: Трампты жеңісімен кім құттықтады
Әлемдік көшбасшылар Дональд Трампты АҚШ Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Трампты жеңісімен құттықтаған алғашқы көшбасшылардың қатарында Франция президенті Эммануэль Макрон болды.
Дональд Трамп, құттықтаймын. Біз осыған дейінгі 4 жыл сияқты осы жолы да жұмыс істеуге дайынбыз. Сіздің және менің ұстанымымен, құрмет және амбициямен, сондай-ақ бейбітшілік пен өркендеу үшін қызмет етейік, - деп жазды Макрон.
Сондай-ақ Украина президенті Владимир Зеленский де алғашқы болып, әлеуметтік желіде пост жариялады.
Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбан Трамптың сайлануын "АҚШ тарихындағы саясаткердің ең мықты камбэгі" деп атады.
Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Трамптың АҚШ-Израиль қатынастары үшін маңызды тұлға екенін атап өтті.
Аустрияның Федералды канцлері Карл Нехаммер жаңа Президенттің басшылығымен Аустрия мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын айтты.
Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди Трамптың "тарихи жеңісіне" қуанышын білдірді және елдер арасындағы байланыстардың нығаюын күтуде.
НАТО-ның Бас хатшысы Марк Рютте Дональд Трампты АҚШ Президенті болып сайлануымен құттықтап, оның НАТО-ны нығайтудағы көшбасшылығының маңыздылығын атап өтті.
Ұлыбритания Премьер-министрі Кир Стармер Ұлыбритания мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын атап өтіп, құттықтауларын да жіберді. Ол өз мәлімдемесінде бостандық пен демократияның ортақ құндылықтарына негізделген елдер арасындағы одақ нығая беретінін атап өтті.
Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джордж Мелони құттықтауларға қосылып, Италия мен АҚШ арасындағы одан да тығыз ынтымақтастыққа үміт білдірді.