Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы 32,5%-ға өсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Франция Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бестігіне кіреді және еліміздің экономикасындағы негізгі инвесторлардың бірі.

"Бүгінгі таңда экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-француз Үкіметаралық комиссиясы мен қазақстан-француз іскерлік кеңесі белсенді жұмыс істеуде. Үкіметаралық комиссия сауда-экономикалық ынтымақтастықты, бизнес пен екі ел азаматтарының байланысын кеңейту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалатын негізгі алаң болып табылады", - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Қазақстандағы Франция елшісі Филиппин Мартинэмен екіжақты кездесу барысында.

Министрдің мәліметінше, біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымы өсімнің оң серпініне ие. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Франция арасындағы сыртқы сауда айналымы 32,5%-ға өсіп, 4,5 млрд долларды (2017 жылы – 3,3 млрд) құрады. Қазақстаннан Францияға Экспорт 2018 жылы 35%-ға өсіп, 3,8 млрд долларды құрауы (2017 жылы – 2,8 млрд доллар) мұнай, айнымалы ток генераторларын жеткізудің өсуі есебінен жүзеге асты.

Экспорттың негізгі тауарлары: шикі мұнай 1,4 млрд АҚШ долл. США (98,7%), табиғи уран 13,7 млн АҚШ долл. (0,9%), шасси және олардың бөліктері 0,9 млн АҚШ долл. (0,1%), басқа хроматтар мен дихроматтар; пероксохроматтар 0,8 млн АҚШ долл. (0,1%) және т. б.

Қазақстанның Франциядан импорты 2018 жылы 24%-ға өсіп, 661 млн доллар (2017 жылы – 535 млн доллар) болды.

2019 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстан мен Франция арасындағы сыртқы сауда айналымы 1,4 млрд долларды құрады.

Соңғы 14 жылда Франциядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 15 млрд доллардан асты. Бүгінде Қазақстанда француз капиталының қатысуымен 160 компания жұмыс істейді, оның ішінде "Total", "Areva", "Danone", "Renault", "Air Liquid", "Alstom" және т. б. компаниялар бар.

2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда француздық қатысумен 232 заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктер тіркелген, оның ішінде жұмыс істейтіндердің саны 154.

"Біз француз компанияларының біліктілігі мен технологияларына мүдделіміз. Бүгінде ірі француз компанияларымен келіссөздер жүргізілуде, біз жан - жақты қолдау көрсетуге дайынбыз", - деп атап өтті ҚР ИИДМ басшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы