25 Шілде 2026, 18:43
Фото: Report
Франция орман өрттерімен күреске әскери күшті көбейтті
Ел билігі табиғи апатпен күресу үшін әскерилер санын арттырып, қосымша күштер мен техниканы жұмылдырды.
Франция премьер-министрі Себастьен Лекорню елдің оңтүстік-батысындағы алапат орман өрттерімен күреске қосымша әскери бөлімдер жіберілетінін мәлімдеді.
Sky News хабарлауынша, қазір жұмыс істеп жатқан әскери күштерге тағы 15 бөлімше қосылады. Соның нәтижесінде орман өрті аумағында қызмет атқаратын әскерилердің жалпы саны мыңнан асады.
Премьер-министрдің айтуынша, Қарулы күштердің медициналық қызметі де жұмылдырылып, халықтың осал топтарына медициналық көмек көрсетеді. Сонымен қатар эвакуация жұмыстарын қолдау үшін полиция қызметкерлері де тартылып жатыр.
Айта кетейік, Францияның оңтүстік-батысында 14 мың гектар аумақты шарпыған өрт елдегі соңғы 50 жылдағы ең жойқын табиғи апаттардың біріне айналды.