Франция халқының 70%-ы мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізуді қолдайды

Франция азаматтарының шамамен 70 пайызы елде мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізуді жақтайды. Бұл туралы Le Journal du Dimanche газеті CSA социологиялық ұйымының сауалнама нәтижелеріне сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Зерттеу қорытындысына сәйкес, француздардың 68%-ы ерте сайлауды «жақсы идея» деп санайды, 31%-ы қарсы пікір білдірген, ал 1%-ы жауап беруден бас тартқан.

Сауалнамада әйелдердің 70%-ы, ерлердің 65%-ы бұл бастаманы қолдаған. Ал жастар арасында (18-24 жас) көрсеткіш 89%-ға жетсе, 65 жастан асқан тұрғындардың тек 51%-ы қолдау білдірген.

Сондай-ақ қатысушылардың 61%-ы қазіргі президент Эммануэль Макронның отставкаға кетуін дұрыс шешім деп санайтынын айтқан.

Саяси сарапшылардың пікірінше, елдегі дағдарысты шешудің бір жолы – президенттің өз еркімен қызметінен кетуі. Бұған дейін Франция премьер-министрі Себастьян Лекорню отставкаға кетіп, қайта тағайындалған болатын. Бұл шешім парламенттің таратылуына жол бермеу үшін қабылданған деп бағаланды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы