Франция электронды темекіге тыйым салады
Франция премьер-министрі Элизабет Борн елде бір реттік вейпке тыйым салу жоспарланып отырғанын мәлім етті. Оның пікірінше, электронды темекі жастарды зиян әдетке үйір етеді.
Борн елдегі шылым шегумен күрес жөніндегі ұлттық жоспар аясында енгізілетін бұл шектеу қашан күшіне енетінін нақтылаған жоқ. Ол Франция үкіметі жақында темекімен күресуге арналған жаңа жоспар ұсынатынын мәлімдеді.
Бұл жоспарда жастарды жаман әдетке бейім қылатын бір реттік вейптерге тыйым салынбақ. Бұл елде темекіні насихаттау, тіпті жарнама жасауға да шектеу қойылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы