Франция қайтадан карантинге жабылуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Франция президенті Эммануэль Макрон министрлер кеңесінің отырысында елге  қатаң оқшаулау режимін қайтарылуына дайын болу қажеттігі туралы айтты, деп хабарлайды Синьхуа.

Эммануэль Макрон жақын арада үш қауіпті кезеңнің өтетітінін ескертті. Сол кезде елдің кез келген аймағында азаматтарды қайта оқшаулау қажеттілігі туындауы мүмкін екендігін де айта кетті.

Макронның пікірінше, бірінші қауіпті кезең мамыр айының соңынан маусым айының басына дейін, яғни бұл католиктік "Пятидесятница" мерекесінің тойлануына байланысты. Бұл күндері тұрғындар арасында әлеуметтік байланыстар артуы мүмкін.

Сонымен қатар, алдағы жазғы демалыс маусымы алаңдаушылық туғызды. Өйткені тұрғындар демалысқа шығып, шетелге жол жүруі мүмкін.

Сондай-ақ, Эммануэль Макрон үшінші кезеңге дайындалу қажет екендігін айтып, әлемдік эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлап жатқандығын жеткізді. 

Агенттіктің хабарлауынша, Францияда оқшаулаудың қатаң тәртібі 11 мамырда аяқталды. Қалалардағы дүкендер мен кәсіпорындардың бір бөлігі жұмысын қайта жандандырды.  Сонымен қатар, тұрғындарға билік үйден 100 километрге дейінгі қашықтықта жүріп-тұруын рұқсат берген еді. 

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, коронавирус пандемиясы басталғаннан бері Францияда 178 184 вирус жұқтырған жағдай тіркелген, оның 27 077-і қайтыс болған, 58 786 адам ауруынан емделіп шыққан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы