Франция 2026 жылы Палестинаны БҰҰ деңгейінде мойындайды – Макрон
Франция президенті Эммануэль Макрон 2026 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында Палестина мемлекетін ресми түрде мойындау туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Бұл туралы ол 2әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ Известия басылымына сілтеме жасап.
Мен Таяу Шығыста әділ әрі тұрақты бейбітшілік орнату жолындағы тарихи міндеттемемді орындай отырып, Францияның Палестина мемлекетін мойындауға дайын екенін жариялаймын. Бұл мәлімдемені келесі қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясында жасаймын, - деп жазды Макрон.
Француз көшбасшысының пікірінше, бұл қадам Газа секторындағы Израиль мен Палестина арасындағы қақтығысты тоқтатуға, бейбіт тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсетуге және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал етеді. Сондай-ақ, бұл ХАМАС қозғалысын қарусыздандыруға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланып отыр.
Бұған дейін АҚШ өз келіссөздер тобын Катар астанасы Дохадан шығарып әкеткен. Бұл шешім ХАМАС тарапынан бітімге келуге нақты ниет байқалмаған соң қабылданған.
Сондай-ақ, Израиль Газа секторындағы атысты тоқтату келіссөздері аясында кепілге алынғандарды босату үшін 125 палестиналық сотталушыны айырбасқа ұсынғаны хабарланған. Израиль тарапы 2023 жылдың қазанынан кейін ұсталған 1100 палестиналықты түрмеден босатуға дайын екенін білдіріп отыр.