Франция 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге тыйым салу ісін жеделдетпек
Франция президенті Эммануэль Макрон үкімет қыркүйекке дейін 15 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салу заңын іске қосуды жеделдететінін мәлімдеді. Президент бұл шешімді балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын қорғау мақсатында түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ CNN-ге сілтеме жасап.
Біздің балаларымыз бен жасөспірімдеріміздің миы сатылмайды. Олардың эмоциялары американдық немесе қытай алгоритмдері арқылы манипуляцияланбайды, - деді Макрон.
Ол сондай-ақ орта мектептерде ұялы телефондарға тыйым салу туралы ережені қолдайтынын айтты.
Бұл бастаманы Макронның «Renaissance» партиясынан депутат Лор Миллер қолдап отыр. Миллер қазіргі кезде платформаларда жас тексеру болмағанын және жаңа заңмен пайдаланушылардың 15 жастан асқан немесе аспағанын дәлелдеуі керегін айтты.
Австралияда 16 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге кіруге тыйым салынған, нәтижесінде 4,7 миллион аккаунт жойылған. Премьер-министр Энтони Албанезе жасөспірімдерді спортқа, музыкалық аспапқа немесе кітап оқуға шақырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы