Францияның сегіз сенаторы коронавирус жұқтырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Францияда Сенаттың сегіз депутатынан коронавирус анықталды. Бұл туралы бүгін, 17 қазанда France Info хабарлады.

Франция парламентінің жоғарғы палатасы – Сенатта жүргізілген тексеру нәтижесінде сегіз депутат SARS-CoV-2 вирусын жұқтырды. Көп ұзамай олардың бірі денсаулығының күрт нашарлауына байланысты ауруханаға түсті.

Еске салайық, Францияда өткен тәулік ішінде SARS-CoV-2 инфекциясының 25 086 жаңа жағдайы анықталды, елдегі анықталған инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 834 мыңнан асты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы