Францияның Бордо қаласында жарылыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Францияда Бордо қаласының Бори көшесінде орналасқан үйде жарылыс болды, деп жазды ria.ru. 

Жарылысқа газдың таралуы себеп болған. Тұрғын үй қатты зардап шегіп, қирау алдында тұр. 


Оқиға орнына полиция мен құтқарушылар аттанған. 


Куәгерлер жарылыс дауысы бүкіл ауданға естілгендерін айтады. Салдарынан көршілес орналасқан дүкендердің шынылары сынған.


BFMTV телеарнасының мәліметіне сүйенсек, жарылыстан үш адам зардап шегіп, екі адам жоғалып кеткен.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы