22 Тамыз 2021 2021, 13:53
Франциялық мәнерлеп сырғанаушы Димаштың әнімен өнер көрсетті
Алматы, BAQ.KZ. Француз мәнерлеп сырғанаушысы Ян Воклен (Ian Vauclin) Куршавелде жасөспірімдер арасында өткен әлемдік Гран-при кезеңінде Димаш Құдайбергеннің әнімен өнер көрсетті.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Француз мәнерлеп сырғанаушысы Ян Воклен (Ian Vauclin) Куршавелде жасөспірімдер арасында өткен әлемдік Гран-при кезеңінде Димаш Құдайбергеннің әнімен өнер көрсетті.
Спортшы Димаш Құдайбергеннің «Қайран елім» композициясымен өнер көрсетуді жөн санапты.
Мәнерлеп сырғанаушының видеосын Димаштың әкесі Қанат Айтбаев Instagram-дағы өз парақшасында жариялады.
Сайыс барысында 17 жастағы Воклен 112,57 балл жинап, төртінші орыннан көрінді.