Францияда жалпыұлттық карантин қайта енгізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үйден шығу үшін француздарға жазбаша куәлік қажет. Алайда, олар жұмысқа, ауруханаға және дүкенге бара алады, сонымен қатар үйдің жанында серуендеуге рұқсат етіледі.
30 қазаннан бастап бүкіл Францияда коронавирустық індеттің екінші толқыны аясында оқшаулау режимі енгізіледі. Бұл туралы сәрсенбіде Франция президенті Эммануэль Макрон халыққа үндеуінде мәлімдеді, деп жазды korrespondent.net.
Мен жұма күнінен бастап вирусты тоқтатуға мүмкіндік беретін оқшаулау режимін қайта енгізу туралы шешім қабылдадым, - деді Макрон.
Ол Францияның барлық аумағында карантин енгізіліп, 1 желтоқсанға дейін жалғасатынын атап өтті.
Біз көктемгі оқиғалардан сабақ алғандықтан, бұл оқшаулау режимі үш көрсеткіш бойынша енгізіледі: мектептерде сабақ жалғаса береді, жұмыс істеуге, қарттар үйіне баруға рұқсат етіледі, - деді ол.
Макрон бейсенбіде үкімет өзін-өзі оқшаулау режимінің жоспарын егжей-тегжейлі түсіндіретінін айтты.
Көктемдегі жағдай сияқты, сіз бұл жолы да үйден тек жұмысқа, дәрігерге, дүкенге немесе көмекке мұқтаж туысыңызға барып, үйдің жанында таза ауамен тыныстау үшін шыға аласыз, - деп түсіндірді Франция басшысы.
Ол үйден шығу үшін жазбаша куәлік қажет екенін ескертті. Айта кету керек, Францияда карантин алғаш рет наурыз айында енгізіліп, екі айға созылды.
Бүгінде бұл елде Сovid-19 пациенттері реанимациядағы орындардың жартысын алып отырғаны хабарланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
COVID-19: Қарапайым ережелерді сақтаудың өзі маңызды
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы