Францияда «жаһандық қауіпсіздік туралы» заң жобасына қарсы шеру өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Францияның көптеген ірі қаласында ел парламентінің қарауында жатқан «жаһандық қауіпсіздік туралы» заң жобасына қарсы  манифестациялар тағы да өтті.

Парижде демонстрация бейбіт түрде басталды. Бірақ содан кейін бұзақылар тобы тәртіп сақшыларына бөтелкелер, петардалар мен шулы гранаталар лақтырды. Бұл әрекетке қарсы полиция шерушілерге су шашып, көзден жас ағызатын газ қолданды. 150-ге жуық адам ұсталды, - делінген хабарламада.

Елдің ішкі істер министрі Жеральд Дарманеннің айтуынша, тәртіпсіздіктерге Black Block бейресми қозғалысының радикалды белсенділері қатысқан.

Аталмыш заң жобасы көпшіліктің, журналистердің және құқық қорғаушылардың наразылығын тудырды. Себебі интернетте полицейлердің жүздері анық көрінетін фотосуреттерін жариялағаны үшін енді көп мөлшердегі айыппұл мен түрме жазасы қарастырылады. Бұл құжаттың сыншылары оның сөз бостандығы мен жиналыс бостандығына қол сұғатынын айтады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы