Францияда пандемияның жаңа толқыны басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел билігі COVID-19-дың төртінші кезеңін жариялады. Үкімет өкілі Габриэль Атталдың айтуынша, елде коронавирустық пандемия толқынының жаңа кезеңі басталып, ол алдыңғыларынан анағұрылым жоғары қарқынымен таралуда.

Шенеуніктің айтуынша, бір апта ішінде коронавирустық инфекция жұқтырғандар саны 125% - ға артқан, олардың 80%-ы дельта штамымен ауырған. 

Ресми Париж сауда орталықтарындағы азық-түлік пен негізгі қажеттілік заттарын сатып алуға арналған іріктеп өткізу жүйесі сақталатынын мәлімдеді. Карантинді бірінші рет бұзған азаматтарға € 1,5 мың еуро айыппұл салынып, келесі қайталанса бұл сомма € 9 мың еуроға дейін жетуі мүмкін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы