Францияда коронавирустың төртінші толқыны өршіп тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сиднейде енгізілген карантин коронавирус жұқтырғандар санының өсуіне байланысты 28 тамызға дейін ұзартылады. Бұл туралы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады. 

Сиднейдің барлық ұйымдары қашықтан жұмыс жасау режиміне ауыстырылды, тағам жеткізу қызметтерін қоспағанда, қоғамдық тамақтану орындары жабылды. Азаматтарға аса қажеттілік туындамаса себепсіз көшеге шықпауға және үйден 10 шақырымнан артық ұзап кетпеуге нұсқау берілді.

Пандемияның төртінші толқыны бүкіл Францияны шарпыды, деп мәлімдеді ел үкіметі. Соңғы мәліметтер бойынша Францияда 6 026 115 адам коронавирус жұқтырды, 111 725 науқас қайтыс болды.

Бірқатар елде коронавирус жұқтырудың тәуліктік өсуі бойынша антирекордтар анықталды: Иракта 13 515 жағдай, Оңтүстік Кореяда 1 896 дерек есепке алынды. Сонымен қатар соңғы тәулікте Токиода коронавирусқа шалдығудың 3 177 жағдайы тіркелді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы