«Сары жилет» кигендер Франциядағы түрмеге басып кірді

Алматы, BAQ.KZ.  Сенбі күні 50-ге жуық наразылық білдіргендер Францияның шығысындағы Дижон қаласының түрмесіне басып кіріп, өз жақтастарын босатуды талап етті, деп хабарлады BFMTV телеарнасы.

Анықталғандай, 50-ге жуық наразылыққа шығушы түрме аумағына келіп, өз жақтастарын босатуды талап еткен. Бұған дейін қозғалыстың төрт мүшесі казармадағы тәртіп сақшыларына күш көрсеткені үшін түрмеге тоғытылған.

Франциядағы «сары жилет» кигендердің наразылығы 2018 жылдың 17 қарашасында жанармай салығын көтермеу жөніндегі талаппен басталған еді.

Франция билігінің әлеуметтік саясатына  наразы қозғалыс қатысушылары ел бойынша көшеге шығуын әлі де жалғастыруда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы