Франция Еуропада вирус жұқтыру бойынша көш бастап тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Францияда бір тәулікте коронавирустың 67 мың жағдайы тіркелді. Пандемия басталғалы бері вирус жұқтырушылар саны 4,9 млн адамға жетті. Жан сақтау бөлімінде бес мыңнан астам адам жатыр, деп жазды centralasia.media.
Қазір елде үшінші локдаун енгізілді.
Адамдар өздеріне тиіс вакцинаның дозасын алуға ниетті. Алайда елде алдымен қауіп тобына жататындар егілуде. Өкінішке қарай, бүгін біз коронавирусқа қарсы препаратпен барлық тұрғынды қамтамасыз ете алмай жатырмыз, - дейді дәрігер Маджида Эль Мохатри.
Ел Президенті Эммануель Макрон жаппай вакцинацияның қажеттігін атап өтті. Алайда Vaxzevria (AstraZeneca) вакцинасының кері салдары көп болғандықтан ел өзге вакциналарды күтуді ұйғарды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Газдандыру жұмыстары жоспарлы жүргізілуде – басқарма басшысы
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы