Франция Бразилиямен әуе қатынасын тоқтатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Франция Бразилиямен арадағы әуе қатынасын белгісіз мерзімге тоқтатты, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл туралы премьер-министр Жан Кастекс мәлімдеді. Үкімет басшысының айтуынша, мұндай қадамға оңтүстік-америкалық мемлекеттегі күрделі эпидемиологиялық ахуал себеп. Бұл елде жағдайдың ушыққаны сонша, күн сайын шамамен 90 мың адамнан қауіпті инфекция табылып жатыр. 

Айта кетейік, қазір індеттің үшінші кезеңін бастан өткеріп жатқан Франция тек Бразилиямен ғана әуе қатынасын уақытша үзген жоқ. Бұған дейін әлемнің бірнеше елімен жолаушылар тасымалын тоқтатқан болатын. Және олар әлі күнге дейін жанданбады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы