Франция билігі індетке шалдыққандар саны бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жеткенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Францияның Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19-бен науқастанғандар санының бұрын-соңды болмаған өсімі туралы хабарлады.
Елде «дельта» коронавирус штаммы жоғары қарқынмен таралуда. Өткен тәулікте 18 мыңнан астам вирус жұқтыру дерегі анықталды. Үнді штаммының тез таралуы эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына әкеліп соқты. Қазіргі уақытта індет 111 554 адамның өмірін қиды.
Үкімет ел тұрғындарын вакцина қабылдауға шақырып, бұл жансақтау бөліміне түсуден және мезгілсіз қазадан құтылатын жалғыз тәсіл деп мәлімдеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Армиялық халықаралық ойындар – әскери шеберлік мектебі
Өзгелердің жаңалығы